Оқиға

Нұр-Сұлтанда БТР жеңіл автокөлікпен соқтығысты – видео

© SputnikБТР. Архивное фото - рекадр
БТР. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Жеңіл көлік жүргізушісі патрульдік машинаға ілесіп жүріп келе жатқан бронетранспортерге жол бермеді  

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бронетранспортер мен жеңіл автокөлік соқтығысты.

Жол апаты 1 қыркүйекте болды, ал видео әлеуметтік желіде бүгін, 3 қыркүйекте таралды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Жол апаты таңертең болды. Нұр-Сұлтан – Қарағанды ​​тасжолы мен Армандастар көшесінің қиылысында Nissan Almera жүргізушісі солға бұрылу кезінде жарығын жағып, арнайы дыбыс сигналын қосқан патрульдік автокөлікке ілесіп келе жатқан БТР 82-А бронетранспортеріне жол бермеді.    

"Nissan Almera жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", - деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Ер адамға 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Кейіннен қорғаныс министрлігі жол апатына түскен бронетранспортер Қарулы күштерге тиесілі емес екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0