Оқиға

Батыс Қазақстанда трактор аударылды: сегіз жасар қыз көз жұмды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Жол апаты 26 тамыз күні Бөкей орда ауданында болды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор аударылып, екі адам көз жұмды.

Жол апаты 26 тамыз күні Бөкей орда ауданы Сайқын ауылында болды, деп жазады "Мой город" порталы.

Салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз көз жұмды.

"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы мүшелері көз жұмды

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында адам өліміне әкеп соққан басқа жол апаты болды. Toyota Carina мен Лада-2107 соқтығысып, төрт адам ажал құшты, тағы төртеуі ауруханаға түсті.

Жаңалықтар
0