10:17 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Әскери бөлімдегі жарылыс (76)
960 0 0

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілген

ТАРАЗ, 27 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыста жарақат алғандар Тараз қаласындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Аурухана қақпасына зардап шеккендердің аты-жөні жарияланған тізім ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жарақат алған азаматтардың туыстары түннен бері аурухана алдында жүр. Олар жақындарының жағдайы туралы таңертең естіген.

Родственники некоторых пострадавших при взрывах на военных складах до сих пор находятся у 1-й городской многопрофильной больницы Тараза
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әскери қоймадағы жарылыстан жарақат алғандардың туыстары әлі Тараз қалалық ауруханасының алдында жүр

Ал аурухана күзетшісінің айтуынша, карантин болғандықтан бөтен адамдарды ішке кіргізбейді

Родственники некоторых пострадавших при взрывах на военных складах до сих пор находятся у 1-й городской многопрофильной больницы Тараза
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жарылыстан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

Sputnik Қазақстан тілшісі аурухананың бас дәрігері Нұрлан Әбілдаевтан ауруханаға кеше түскен науқастардың жағдайы туралы сұрады. Алайда ол барлық ақпаратты жедел штабқа бергенін, қосымша ақпарат бере алмайтынын жеткізді.

Родственники некоторых пострадавших при взрывах на военных складах до сих пор находятся у 1-й городской многопрофильной больницы Тараза
© Sputnik / Тимур Батыршин
Тараз қалалық ауруханасының аумағына карантин талаптарына сәйкес бөтен адамдарға кіруге болмайды

Айта кетері, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде 26 тамыз сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірі өртеніп, жарылыс болды.

Содан кейін зардап шеккен 66 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілген. 27 тамыз сағат 10.00 жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 6 адам орташа ауыр халде жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы жарылыс: төрт әскери қызметші қаза болды

 

Тақырып:
Әскери бөлімдегі жарылыс (76)

Тақырып бойынша

Жамбыл облысындағы жарылыс: дәл қазір не болып жатыр — фото
Жамбыл облысындағы жарылыс: 1200 адам мектепке көшірілді
Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: ауруханаға түскендердің саны артты
Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін 32 адам ауруханаға түсті
Әскери бөлімдегі жарылыс: Тоқаев екі министр Жамбыл облысына ұшып кеткенін хабарлады
Загрузка...

Басты тақырып