Оқиға

Алматы облысында апаттан 4 адам көз жұмды – оқиға орнында түсірілген видео

© SputnikАвтомобиль скорой помощи на месте ДТП
Автомобиль скорой помощи на месте ДТП - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Екеуінің де алдыңғы бөлігі жапырылып, жұлынып кеткені хабарланып отыр

ТАЛДЫҚОРҒАН, 25 тамыз — Sputnik. Алматы облысының Райымбек ауылында ірі жол апаты болды. Toyota Carina мен "Лада 2107" көліктері соқтығысты. Төрт адам көз жұмды, тағы төрт адам зардап шекті.

Апат видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат таңғы 08:40-та болғанын растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Carina жүргізушісі жолдың қарама-қарсы қозғалыс бағытына шығып кеткен.

""Лада 2107" көлігінің 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. "Лада 2107" 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Carina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасында қайтыс болды. Төрт адам түрлі жарақат алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтар
0