Оқиға

Нұр-Сұлтанда болған жол апатында көлік аударылып қалды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандық полиция қызметкерлері, архив сурет
Қазақстандық полиция қызметкерлері, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Жол апаты кезінде Toyota-да отырған жолаушы қыз зардап шекті. Ол бірден ауруханаға жеткізіліп, артынша үйіне оралды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. Тұран даңғылында болған жол оқиғасы кезінде бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 22 тамызда кешкі сағат 21:33-те болған. Geely Emgrand көлігін мінген 18 жастағы жүргізуші Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Тұран көшесіне бұрылмақ болған.

Бірақ жолдың қарсы жолағында Toyota Estima-ны өткізбеген. Нәтижесінде екеуі соқтығысқан. Toyota Estima соққыдан аударылып кетті.

Жол апаты кезінде Toyota-да отырған жолаушы зардап шекті. Қызды бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілді.

Оқи отырыңыз: "Адамдар не болып барады?": Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған апат видеосы

 

Жаңалықтар
0