03:21 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
991 0 0

Күдікті полицияның уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Ол он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, күйеуі әйелін ұрып өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні полицияға ер адамның өз әйелін өлтіргені туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің мән-жайын анықтады.

"Баянауыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде отбасылық жанжал шыққан. Күйеуі әйелін есінен танғанша ұрған. Жұбайы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Күдікті ұсталып, Баянауыл аудандық полицияның уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Айта кетері, осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Павлодар облысында жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан дене жарақатын салудың 13 фактісі тіркелген.

Оқи отырыңыз: Дәмханаға келген ер адам даяшыны бетінен ұрды – оқиғаның мән-жайы

 

Тақырып бойынша

Марқұмның заттарын жуып қойған: Павлодарда жігітінің қылмысын жасырған қыз ұсталды
Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды
Әйел көліктен құлап кетті: Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады
Өзін қыз ретінде таныстырып жүрген алаяқ Павлодарда ұсталды
Кілт сөздер:
Павлодар, ерлі-зайыптылар, ұрып-соғу
Загрузка...

Басты тақырып