Оқиға

Жасөспірімнің басы жұлынып кетті – Жамбыл облысында жантүршігерлік апат болды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде таралуда. Рөлде болған ер адам апаттан соң қашып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында болған жол апаты салдарынан жасөспірім көз жұмды.

Қайғылы оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Куәгерлер жол шетінен марқұмның денесін тапты. Одан жүз метр жерде басы жатқан.

27 жастағы ер адам 12-13 жастағы жеткіншектерді көлікпен ауыл маңын аралатпақ болған. Ол рөлге ие бола алмай бетон бағанаға соғылды.

Бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды, екінші жеткіншек ауруханада жатыр.

"Апаттан соң жүргізуші қашып кеткен. Бұл фактіге қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.

Қазіргі уақытта бұлтарпау шарасын таңдауға қатысты мәселе қарастырылып жатыр.

Жаңалықтар
0