Оқиға

Науқасты ауруханаға апарған: Павлодар облысында жас дәрігер көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Жазылу
Омбы – Майқапшағай тас жолында Nissan Patrol мен УАЗ соқтығысып, салдарынан екінші көліктегі жолаушы ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 25 жастағы дәрігер қаза болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Трагедия 6 тамыз 23:45-те Черноярка ауылы маңында, Омбы – Майқапшағай тас жолында болды.

"32 жастағы Nissan Patrol жүргізушісі УАЗ-бен соқтығысты. Салдарынан УАЗ көлігінде отырған 25 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды", – деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көз жұмған адам Чернорецк дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болған. Ол науқасты ауылдан Ақсу қалалық ауруханасына жеткізіп, қайтар жолда апатқа түсті.

Марқұмның артында әйелі мен кішкентай ұлы қалды.

Жаңалықтар
0