Өңірлер

Ақтөбе облысында өзбектер мінген көлік бірнеше рет аударылды

© Photo : Ішкі істер министрлігінің медиа орталығыАқтөбе облысында жол апаты болды
Ақтөбе облысында жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Жол апатынан көлік жүргушісі және сегіз жолаушы жарақат алып, Айтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен 8 шетел азаматы зардап шекті, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Атырау облысының 36 жастағы тұрғыны 8 шетел азаматын Toyota Previa көлігіне отырғызып, Самара-Шымкент тас жолына шыққан. Таңғы сағат 07:10-де Қарабұтақ кентіне жақын жерде көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан ұшып кетті. Көлік бірнеше рет аударылды.  

"Жол апатынан көлік жүргушісі және сегіз жолаушы жарақат алып, Айтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Шетелдіктердің бәрі – Өзбекстан азаматтары. Олар Түркістан облысындағы "Жібек Жолы" бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кіріп, Атырау облысына жұмысқа бара жатқан", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бап 160 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау алу жазасын қарастырады.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 32 жол апаты болып, 7 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 34 адам зардап шекті.

Жаңалықтар
0