20:51 04 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD423.75
  • EUR503.54
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1029 0 0

Қарағанды облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында ішімдік ішіп алған екі ер адам 16 жастағы бозбалаға жабылып, пышақ жарақатын салды. Жолаушылар аялдамадағы төбелесті видеоға түсірді, деп хабарлайды "Вечерняя Караганда" сайтының Telegram-арнасы.

Видеода бозбаланың күрес әдісін жақсы меңгергенін анық байқауға болады. Ол алдымен бұзақының біреуін аяқтан ұстап, жерге құлатса, екіншісін көтеріп алып, артына қарай лақтырған.

Ресми мәліметке сәйкес, оған 23 және 36 жастағы тұрғындар жабылған. Олар аялдамада тұрғанда балағат сөз айтқан. Осы кезде жігіт екеуіне ескерту жасаған. Осыдан жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына полицейлер барғанша бұзақылар қашып кетті. Жас палуан айтарлықтай жарақат алған жоқ. Сол себепті медициналық көмектен бас тартты. Артынан бұзақылар анықталды.

Ал Telegram-арнаға хабарласқан бозбаланың анасы бұзақылардың Темірланға үш жерден пышақ сұққанын айтты. Пышақ басына, кеудесіне және қолына тиген. Ал қолындағы жарасын тігуге тура келді.

"Қайта біреуі (36 жастағы ер адам) қатты мас болған. Әйтпесе, бәрі басқаша болатын еді. Аллаға шүкір, ұлым аман қалды", – деді Айсұлу Матаева.

Оның айтуынша, төбелес Михайловкадағы "Стекляшка" аялдамасында болған. Ал пышақ қолданған ер адамды қамауға алған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тақырып бойынша

Қарағанды саябағында әйелдер тегін аттракцион үшін төбелесті – видео
"Бірнеше жігіт жабылып кетті": Өскеменде болған төбелестің видеосы жарияланды
Әнші концертте болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты - видео
Мәскеудегі турнир жаппай төбелеске ұласты: іске арнайы жасақ араласты – видео
Атырауда ер адам полицеймен төбелесті – видео
Кілт сөздер:
Қарағанды, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып