Оқиға

Қызылордада балалар орталығында жарылыс болды – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуӨрт сөндіруші, архивтегі сурет
Өрт сөндіруші, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Төтенше жағдай салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, ағаш сарай қирады

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында газ жарылды, деп хабарлайды қаланың төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 19 шілде 07:20-да Алтынсарин, 64 көшесінде болды.

Құтқарушылардың мәліметінше, "Пумба" балалар ойын-сауық орталығының екі қабатты ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған, деп жазады "Хабар 24".

Жалын бірінші қабатты шарпып, ол түгелдей өртеніп кетті.

Тілсіз жау 07:44-те ауыздықталып, 08:15-те сөндірілді.

Жарылыс салдарынан ағаш сарай қирап, көрші үйдің терезелері сынды.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке табиғи газдың шығуы себеп болған", - деп нақтылады ТЖД.

Оқиға орнына 42 өрт сөндіруші және 11 техника, жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 1 техника аттанды.

Жаңалықтар
0