Оқиға

Бірі әйелі мен қызынан, екіншісі әйелі мен ұлынан айырылды – ШҚО-да жол апаты болды

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Қазір оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда

АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 18 шілде сағат 15:10 шамасында Үржар ауданы "Мақаншы-Жалаңашкөл" автотрассасының 128/22 шақырымында болған.
Geely, Kia Sportage және Лада автөліктері соқтығысқан.

"Апат салдарынан Geely маркалы көлік жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ "Лада 21154-30" маркалы автокөлік жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі мен Geely автокөлігінің жолаушысы дене жарақатымен Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("көлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидасын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазір оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтар
0