15:30 29 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.64
  • EUR501.63
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
544 0 0

Екі көлік көпірдің дәл ортасына тоқтады. Көліктен шыққан ер адамдар бірден төбелесе бастады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Видеодан Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпірде болған жаппай төбелес сәтін көруге болады. Жүргізушілер мен жолаушылар жолдың дәл ортасына тоқтап, төбелесті.

Оқиға 15 шілде күні сағат 16: 36-да болған. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарды ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Бұл бақылау камераларына түсіп қалған.

"Төбелесті 25, 29 және 32 жастағы ер адамдар бастаған. Жас жігіттер "Азия парк" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағында жол бөлісе алмай қалғаны анықталды. Бұл жанжал көпірдегі төбелеске жалғасқан", - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төбелес шығарғандарға бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Оралда автобустан түскен бір топ адамды полиция ұстап әкетті – видео

Сонымен қатар көлік құралдарының жүруіне әдейі кедергі жасағаны үшін жол ережесін бұзушылар әкімшілік кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке де тартылды.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда екі спортшы төбелесті – бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Қала сыртына апарған: Талғарда ер адамды бір топ жігіт жабылып ұрғаны видеоға түсіп қалды
Ақтауда құрылысшылар арасында жанжал шықты – видео
Ақтауда жаппай төбелес болды – видео
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жаппай төбелес, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып