15:30 29 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.64
  • EUR501.63
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
179 0 0

Белгісіз адамның орынсыз қылығы қала тұрғындарын шошытты, полициядан оны тез арада тауып, қамауға алуды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Талдықорғанда қала орталығында өтіп бара жатқан қызға негізсіз шабуыл жасап, сыра бөтелкесімен ұрған жас жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ерсі әрекетімен қала тұрғындарын шошытқан қылмыскердің суреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жазба авторы жігіттің "Атамекен" ойын-сауық орталығының алдында қызды ұрып, оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті.

Полиция бұл ақпаратты растап, оқиғаның 15 шілде күні сағат 23:00 шамасында болғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео

"Қазір қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 жастағы қыздың ауыр жарақат алмағаны хабарланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол амбулаториялық емделуге жіберілді.

Тақырып бойынша

Алматы облысында спортшының 17 жастағы оқушымен жанжалы видеоға түсіп қалды
Қала сыртына апарған: Талғарда ер адамды бір топ жігіт жабылып ұрғаны видеоға түсіп қалды
Күйеуін қызғанған: Көкшетауда әйелдер 18 жастағы қызды ұрып тастады
Ақтөбеде ер адамның әйелді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды
Алматы облысында бір топ жігіт жасөспірімді пышақтап кетті
Кілт сөздер:
Талдықорған, ер адам, қыз, соққыға жықты
Загрузка...

Басты тақырып