Оқиға

Батыс Қазақстанда ер адамның мәйіті табылды: полиция тұрғындардан көмек сұрады

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуВ верховье реки Урал, архивное фото
В верховье реки Урал, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Полиция жазатайым жағдайдың куәгерлерін іздеп жатыр. Суға кеткен адамның мәйіті Жайық өзенінен шығарылды

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, еуропа өңді, шашы сары, шамамен 35-40 жастағы ер адамның мәйіті 14 шілдеде сағат 18.20-да Жайық өзенінен Пугачев көшесі жағындағы жағадан табылды.

Ер адам крест түрінде кулоны бар күміс алқа таққан.

Полиция жазатайым жағдайдың куәгерлері мен ер адамға ұқсас тұлғаның жоғалғаны туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 8 707 881 66 66 нөміріне хабарласуды сұрады.

Әкесі ұлдарының киімін жағадан тапқан: Ақмола облысында екі ағайынды суға батып кетті

Айта кетейік, маусымның аяғында Ақмола облысында өзен жағасына демалуға келген ағайынды екі жігіт суға кеткен еді. Ағалы-інілі қос азаматтың киім-кешегін туыстары жағадан тауып алған.

Екеуінің денесін өзенде екі метр тереңдікте, жағалаудан 12 метр қашықтан сүңгуірлер алып шықты. Олар арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен.

Жаңалықтар
0