НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Оралда екі көліктің соқтығысқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Жол апаты 14 шілде кешке Жәңгір хан көшесінде орналасқан сауда үйінің алдында болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Медицина колледжіне қарай бара жатқан "Хонда" сауда үйіне бұрылған "Фольксваген Поло"-мен соқтығысқан. Қатты соққыдан екінші көлік жол жиегінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Шақыру сағат 20.39-да түсті, дәрігерлер оқиға орнына бес минутта жетті.
"1987 жылғы ер адам мойнын ауыртып алды. Ауруханаға барудан бас тартты. Ал 1975 жылғы ер адам бас сүйек-ми жарақатын алды, миы шайқалды, кеудесі мен аяғына зақым келді. Ол облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.