Оқиға

Шымкент маңындағы жол апатында бір адам қайтыс болды – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГорящий транспорт, иллюстративное фото
Горящий транспорт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Жүк көлігінің кабинасында екі адам отырған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, бір адамның күйген денесі табылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлады. Жол апаты Шымкент маңында А-2 тасжолында болған, деп хабарлады Otyrar телеарнасы.

Куәгерлер өртенген көлікті видеоға түсіріп алды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүргізуші аман қалған. Оның маңында отырған екінші жүргізуші көз жұмды.

Көлік түгі қалмай жанып кетті. Оқиға орнында бір адамның күйген денесі табылды. Жүргізуші мен қайтыс болған адам Қырғызстан азаматтары.

Құтқарушылар жаңбыр болуына байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған деп болжап отыр. 

Жаңалықтар
0