НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлады. Жол апаты Шымкент маңында А-2 тасжолында болған, деп хабарлады Otyrar телеарнасы.
Куәгерлер өртенген көлікті видеоға түсіріп алды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүргізуші аман қалған. Оның маңында отырған екінші жүргізуші көз жұмды.
Көлік түгі қалмай жанып кетті. Оқиға орнында бір адамның күйген денесі табылды. Жүргізуші мен қайтыс болған адам Қырғызстан азаматтары.
Құтқарушылар жаңбыр болуына байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған деп болжап отыр.