Оқиға

Ақтауда жүк көлігі ғимаратқа соғылды – видео

© Sputnik / Александр Уткин / Медиабанкке өтуБольшегрузная машина едет по трассе, архивное фото
Большегрузная машина едет по трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Ер адам рөлге ие бола алмай, жол бойында орналасқан ғимаратқа барып соғылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Ақтауда жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам зардап шекті, деп хабарлады өңірлік "Лада" порталы. 

Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты 11 шілдеде қаладан химия-гидрометаллургия зауытына қарай бара жатқан жолда болған.

Белгілі болғандай, MAN жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған ғимаратқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, машина кабинасы артқа бұрылып кеткен.

Қазір полиция осы факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Зардап шеккен көлік жүргізушісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Жаңалықтар
0