Оқиға

Семейде жоғалып кеткен сегіз жасар қыз табылды

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка на улице
Девочка на улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Ол сол күні Ертіс өзенінің жағасында болған әйелдің пәтерінен табылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Семейдегі Ертіс өзенінің жағасында сегіз жасар қыз жоғалып кетті.

Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға таңертең әкесімен бірге өзенге кеткен 8 жасар қызын табуға көмектесуді сұрап жүгінді. Белгілі болғандай, әкесі белгісіз біреулермен алкогольдік ішімдік ішкен. Бала қараусыз қалған.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында жоғалған қыз табылды

Осы хабарламаны алғаннан кейін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы мен ұлттық ұлан сарбаздары "дабыл" белгісі бойынша кәмелетке толмаған баланы іздеуге кірісті. Іздеу шаралары түні бойы жалғасты.

Таңертең қыз сол күні өзен жағасында болған әйелдің пәтерінен табылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ол анасымен бірге.

Жаңалықтар
0