Өңірлер

Алматы мешітінде күзетші жас жігітті зорлады

© Photo : pixabay.comПарень в капюшоне, иллюстративное фото
Парень в капюшоне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
Жігіттің айтуынша, күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, жыныстық зорлық жасаған  

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматының Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook-те хабарлады.

"Мен Бостандық ауданының полиция басқармасында жүрмін. Біз есеңгіреп қалдық. Мұнда күзетші жыныстық зорлық көрсеткен бозбала мен оның анасы келді. Бұл жағдай Нұр-Мүбарак мешітінде болған. Жігіт 18 жаста, оның дамуында сәл-сәл кідіріс бар, алайда ол қабілетті және не болғанын бүге-шігесіне дейін айтып берді", - дейді Омарова.

Жас жігіттің айтуынша, "күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, ұзақ уақыт бойы ұстап, азғындық әрекетке барған. Ол мұны бірнеше рет жасаған, деді Омарова.

Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл факт бойынша арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына 8 шілдеде түскенін хабарлады.

"Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті 1975 жылы туған,  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр", - деді ПД.

Күдікті бұл әрекеті үшін бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0