НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Елорда маңында жол апаты болып, бір полицей ажал құшты.
Қаланың полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 5 шілде 00:24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жанында болды.
30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан Lexus GS 300 көлігі аударылған.
Тағы оқыңыз: Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті
"Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Ал 35 жастағы жолаушы – полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.
Бұл факті Ақмола облысы полиция департаментінде тіркелді, тергеу жүріп жатыр.