Оқиға

Алматы облысында спортшының 17 жастағы оқушымен жанжалы видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Оқиға 6 шілде күні тұрғын үй кешенінің ауласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Алматы облысында спортшы 17 жастағы бозбаланы соққыға жықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 шілде күні тұрғын үй кешенінің учаскелік полиция бөліміне тұрғындардан көп қабатты үйдің аулаларының бірінде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға дереу жеткен полиция сол жерде уақытша пәтер жалдап тұратын 18 жастағы жекпе-жек шеберін ұстады.

Оның жанында Түркістан облысынан келген 17 жастағы оқушы болған. Соққыға жығылған тұрғынға жедел жәрдем шақырылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары екеуінің арасында жанжал болғанын анықтады.

Бірі қалжыңдап екіншісін ренжітіп алады, ал ол өз кезегінде оның анасына тіл тигізген.

Абайсызда айтылған сөз салдарынан жарақат алған бозбала дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, ал екіншісіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл оқиға балалар мен ата-аналары серуендейтін қоғамдық жерде болғанын ескере отырып, бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді.

Жаңалықтар
0