Оқиға

Каспий теңізінде жарылыс болды – видео

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуКаспийдің Әзербайжан бөлігіндегі жарылыс және өрт
Каспийдің Әзербайжан бөлігіндегі жарылыс және өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Желі қолданушылары жарылыс толқыны теңіз жағасында да сезілгенін айтты. Олар төтенше жағдай кезінде жағажайда болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 4 шілде күні Каспий теңізінде жарылыс болды деген ақпарат тарады. Болжам бойынша ТЖ Әзербайжан секторындағы мұнай өндіру платформасында болған. Куәгерлер жарылыс толқыны теңіз жағасында сезілгенін айтып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

Бастапқыда жарылыс Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігіндегі "Умид" газ кен орнында болды деп топшыланды. Алайда бұл ақпаратты кейінірек жоққа шығарды.

Қазір Каспийдің әзербайжандық секторында өрт толығымен сөндірілді.

Жағалауда болған желі қолданушылары жарылыс сәтін видеоға түсіріп алған. Олардың сөзінше, жарылыс толқыны айтарлықтай қатты болды және теңіз жағасында да сезілді.

SOCAR Әзербайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясының болжамынша, жарылысқа лайлы жанартаудың оянуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына мұнай-газ компаниясының кемесі жіберілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мұнайшылардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Мирвари Гахраманлы платформаларда ештеңе жарылмағанын мәлімдеді.

Теңіз әкімшілігі судағы кемелерге өрт аумағына жақындамауды тапсырды.

Сарапшылардың пікірінше, жарылыс платформада емес, танкерде болуы мүмкін. Әзербайжанның Каспий кеме шаруашылығы төтенше жағдайға түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде танкердің жарылғаны туралы түрлі болжамдар тарап жатыр. Бұл ақпарат адамдардың алаңдаушылығын туғызды. Әзербайжанның Каспий теңізі кеме шаруашылығының флотына тиесілі бірде бір кемеде жарылыс болған жоқ", - деп мәлімдеді ASCO ресми өкілі Мехман Мехтиев.

Әзербайжан экология министрлігінің мамандары да жарылыстың себептерін анықтап жатыр. Олар лайлы жанартаудың атқылауы болжамын тексеруде.

Әзербайжан академигі Әділ Әлиев Каспий теңізінде Сабаил лайлы жанартауы бар екенін айтты. Ол оңтүстікте, төтенше жағдай болған жерде орналасқан.

"Бірақ ол жарылыс болған жер емес", - деді Әлиев.

Әзербайжан ТЖМ мәліметінше, министрлікке теңіздегі қандай да бір апат туралы ақпарат түспеген. Алайда өрт фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0