Оқиға

Қостанайда ер адам жұмысына келген ұлын балтамен ұрып өлтірді

© SputnikБалта, архивтегі сурет
Балта, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Отыз жастағы жігіт ішімдік ішіп, әкесінің жұмысына барған. Әке мен ұл арасында жанжал шығады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қостанай қаласында қарт ер адам ұлын балтамен ұрып өлтірді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды alau.kz.

Анықталғандай, 30 жастағы жігіт мас күйінде күзетші болып істейтін әкесінің жұмысына келген. Әке мен бала арасында жанжал шыққан. Салдарынан ер адам ұлының басынан балтамен ұрған.

Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, 73 жастағы күдікті ұсталды.

Бұл факті "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Тағы оқыңыз: Ағашқа байлап, балтамен ұрған: жүкті әйелдің жауыздығы жұрттың жағасын ұстатты

Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0