Оқиға

Батыс Қазақстанда жол апаты төрт адамның өмірін қиды

© Photo : Yelena SergiyenkoТас жол, архивтегі сурет
Тас жол, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Батыс Қазақстан облысында тас жолда екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Олардың арасында жеті жасар бала бар. Полиция департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу бастады.

Облыстық полицияның ақпаратынша, жол апаты 1 шілде кешкі тоғыздар шамасында Чапаев – Жаңақала – Сайхин тас жолында болды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

"Тас жолда Lada Granta мен ВАЗ-2107 соқтығысты. Салдарынан төрт адам, соның ішінде жеті жасар бала көз жұмды", - деп нақтылады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі жолшыбай көлікті басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Жол апатының мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Әкесі мен қызы көз жұмды, ұлы ауруханада: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы – "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану ережелерін  бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0