Оқиға

Маусымда 70-тен астам адам суға кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуСпасатели на воде, архивное фото
Спасатели на воде, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымы басталғалы бері адамдардың суға кетуі жиілегенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Қазақстанның өзен-көлдерінде 1 маусымнан бері 72 адам суға кетсе, оның 27-сі – балалар. Құтқарушылардың айтуынша, көбіне қайғылы жағдайға жүзу мүмкіндігін дұрыс бағаламау, мас күйде және тыйым салынған аумақта шомылу, су жанында балаларды бақылаусыз қалдыру себеп болады.

Түркістан облысында бір айда 14, Қызылордада – 8, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсысында 7 қайғылы жағдай тіркелген.

"Су айдындарының аумағына патрульдеу жүргізетін құтқарушылар мен плицейлердің арқасында 59 адам, соның ішінде 8 бала құтқарылды", - деп нақтылады Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, адамдардың суға кетіп, қайтыс болуына жол бермеу мақсатында бүкіл республика аумағында полициямен бірлескен рейд және патрульдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың аясында шомылу ережелерін өрескел бұзған және судағы қауіпсіздікті сақтамаған азаматтар анықталуда.

"Қоғамдық орында болу ережесін бұзғаны үшін шамамен мың адам, суды жалпы пайдалану ережесін елемеген он төрт азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, мыңнан астам адамға ескерту берілді", - деді ТЖМ.

Құтқарушылар ел азаматтарын қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауға және суға кірмес бұрын шомылу аумағын дұрыстап зерттеп алуға шақырды.

Жаңалықтар
0