Өңірлер

Жамбыл облысында полиция туысын таспен ұрып өлтірген ер адамды ұстады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины, показывающего кулак
Архивное фото мужчины, показывающего кулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Қаратау қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, үйдің ауласында күйеуі мен оның туысының төбелесіп жатқанын хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. 26 жастағы ер адам өз туысын таспен ұрып өлтірген. Отбасылық қайғылы оқиға Жамбыл облысының Талас ауданында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

(Кісі өлімі туралы сюжет: 00:42 – 02:19)

Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің ауласында күйеуі мен оның туысының төбелесіп жатқанын хабарлаған. Ер адамдардың бірі ауыр жарақат алып, аудандық ауруханада көз жұмған.

Полицейлер "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні ұстады.

"Жәбірленушінің үйіне бұрын араздасып қалған туыс інісі келіп, жанжал шығарған. Оның соңы төбелеске ұласқан, осы кезде күдікті тас алып, жәбірленушінің басына бірнеше ауыр соққы жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған", – деді Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Әбсамат Бекмұхамбетов.

 Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 1995 жылы туған күдікті алкоголь мен каннабиноидтың әсерінен мас болған. Ол өз қылмысын толық мойындады. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0