Өңірлер

Алматыда даладағы дәретхананың шұңқырында екі бала мен олардың әжесі көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневСтанция скорой помощи в Нур-Султане
Станция скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
2020 және 2009 жылы туған балалар қаза болды, оларды әжесі мен әкесі құтқаруға тырысқан, алайда тек әкесі тірі қалды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Алматы қаласы Наурызбай ауданының Абай елді мекенінде даладағы әжетхананың шұңқырында екі бала мен олардың әжесі көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Алдымен шұңқырға 2020 жылы туған қыз бала түсіп кеткен. 2009 жылы туған ағасы көмектескісі келіп, қарындасын өзі шығарып алмақ болған. Мұны көрген балалардың әкесі мен әжесі де оларды құтқаруға тырысқан. Қыз тұншығып қалған, балалардың әкесі ғана тірі қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. 

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда үш адам әжетханада тұншығып өлді

Құтқарушылар бала мен әжейді шығарды, бірақ олардың өмірін құтқарып қала алмады.

"Республикалық жедел-құтқару жасағы ескертеді: жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз, қырағы және сақ болыңыздар", - деп құтқарушылар Қазақстан халқына үндеу жолдады.  

Жаңалықтар
0