Оқиға

Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды

© Sputnik / СтрингерОдна из пострадавших от падения ветки на улице Маметовой автомашин
Одна из пострадавших от падения ветки на улице Маметовой автомашин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Бұған қатты соққан жел себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / СтрингерАлматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді
Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді

Қатты желдің салдарынан ағаш бұтағы төменде тұрақта тұрған көліктерге, сондай-ақ Желтоқсан мен Абылайхан көшелерінің арасында Маметов бойында кептелісте тұрған Mersedes-ке құлаған.

© Sputnik / СтрингерАлматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді
Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді

Ағаш бұтағы Mersedes-тің артқы терезелерін сындырып, шығын келтірді. Көлік иелері полиция шақырып, тиісті құжаттарды ресімдеді.

Бір күн бұрын Алматыда екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соғып, жаңбыр жауады деп болжанған.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті – видео

Естеріңізге салсақ, сәуірде қатты желдің салдарынан Көкшетауда балкон құлап, үш көлікке зақым келген болатын.

Жаңалықтар
0