Оқиға

Ақтөбеде 4-қабаттан секіріп кеткен келіншек ешқандай жарақат алмады

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Дәрігерлер суицидке барған келіншекті тексеріп, үйіне қайтарды

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ақтөбеде төртінші қабаттан секіріп кеткен 25 жастағы тұрғын аман қалды, деп хабарлады КТК.

Өзіне қол салмақ болған келіншек үйінде заматтық некедегі күйеуімен тұрады екен. Оның мас күйде балконның жақтауына шығып алғанын көршілері көрген. Тәртіп сақшылары да жедел жетіп, барлығы келіншекті сабырға шақырмақ болыпты.

Атырауда 42 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Райынан қайтпасын білген соң төмендегілер көрпе жайып тұрған. Соның арқасында 25 жастағы тұрғын аман қалды. Ешқандай жарақат алмаған. Дәрігерлер тексеріп, суицидке барған келіншекті үйіне қайтарды.

Жаңалықтар
0