Оқиға

Алматыда жүк көлігі аударылып қалды

© Sputnik / СтрингерГруженый самосвал перевернулся в Алматы
Груженый самосвал перевернулся в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында Шығыс айналма жолының жанында болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым - Sputnik. Алматы қаласының Медеу ауданында Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде топырақ пен тас тиелген Howo маркалы самосвал көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оған жеңіл көліктің қарсы бетке шығып кетуі себеп болған.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, самосвал Шығыс айналма жолымен келе жатып, Сағадат Нұрмағамбетов көшесіне бұрылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда жеңіл көлік аударылды: үш адам жарақат алды

Төмен түсіп келе жатқан кезде алдынан жеңіл көлік шыққан. Самосвал көлікпен соқтығысудың алдын алу үшін бұрылыс жасамақ болғанда, басқаруды жоғалтып алды.

Салдарынан жүк көлігі жолда аударылып қалды. Самосвал жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ол дәрігерлердің көмегінен бас тартты.

Жаңалықтар
0