Оқиға

Алматыда жеңіл көлік аударылды: үш адам жарақат алды

© Sputnik / СтрингерДТП с перевертышем: пострадали трое
ДТП с перевертышем: пострадали трое - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Мерседес қатты жылдамдықпен Лада көлігінің бүйіріне соқтығысты, салдарынан Лада 180 градусқа бұрылып, аударылып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым - Sputnik. Алматыда такси көлігі аударылып,  жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / СтрингерДТП с перевертышем: пострадали трое
Алматыда жеңіл көлік аударылды: үш адам жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
ДТП с перевертышем: пострадали трое

Жол апаты Орджоникидзе мен Руставелли көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Мерседес Орджоникидзе бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Оның жүргізушісі "Жол бер" деген белгіні елемеген немесе байқамай қалған, салдарынан көлік Руставелли көшесіне бұрылған. Осы кезде Lada granta көлігі келе жатты.

Оқи отырыңыз: Жарылысқа дейін 2 секунд: БҚО полицейлері 3 адамды ажалдан аман алып қалды - видео

Мерседес қатты жылдамдықпен Лада көлігінің бүйіріне соқтығысып, салдарынан Лада 180 градусқа бұрылып, аударылып қалды.

Лада көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды. Олардың екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеуде.

Жаңалықтар
0