Оқиға

Қала сыртына апарған: Талғарда ер адамды бір топ жігіт жабылып ұрғаны видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2021
Жазылу
Полиция бұл істі "Бұзақылық" бабы бойынша тергеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Желі қолданушылары Талғар қаласында ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрып-соғу сәті түсірілген видеоны жариялап жатыр.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бейсенбі күні, кешкі сағат жетілер шамасында Рысқұлов көшесіндегі Виктория дүкенінің жанында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

"Соққы салдарынан Талғар қаласының 37 жастағы тұрғыны Талғар орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады департамент.

Бұл факт полицияда 293-баптың "Адамдар тобы жасаған бұзақылық" екінші бөлігі бойынша тіркелді.

"Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

293-баптың екінші бөлігі бойынша ірі айыппұл жазасы (5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 14,5 миллион теңгеге), бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода төрт жігіттің алдымен ер адамды дүкеннен сүйреп шығарғаны, содан кейін оны көлігімен алып әкеткені көрінеді. Оқиға куәгерлері оларға ескерту жасағанмен, ешкімге құлақ аспаған.

Оқи отырыңыз: "Бірнеше жігіт жабылып кетті": Өскеменде болған төбелестің видеосы жарияланды

Сонымен қатар жергілікті интернет парақшасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен ер адам – ​​ережесіз жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы. Ер адамды алдымен ұрып-соғып ес-түссіз күйде қала сыртына алып шыққаны, сол жерде тағы соққыға жығылғаны хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам ауыр жағдайда Талғар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген, содан кейін туыстары оны Алматыға ауыстырған.

Жаңалықтар
0