Оқиға

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда, көліктер
Елорда, көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Талапкер ауылына қарай кетіп бара жатқан Shacman маркалы көлігі маневр кезінде "Nexia" автокөлігімен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды.

Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Оқиға
Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті
Трагедия бүгін сағат 12:18-де болды, деп хабарлайды елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Shacman маркалы көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Астрахань тас жолымен Талапкер ауылына қарай бара жатып, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан "Nexia" автокөлігімен соқтығысты.

Салдарынан жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Жаңалықтар
0