Оқиға

Павлодар облысында бала аттан құлап көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖылқы, архивтегі сурет
Жылқы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында болды, баланың аттан құлағанын көрген куәгерлер бар

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облысында жазатайым оқиға болды. Кәмелетке толмаған бала аттан құлап көз жұмды.

Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 16 маусым 02:15-те Павлодар қаласының полициясына ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған бала қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

Анықталғандай, Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлаған. Оны көрген куәгерлер бар.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда ауладағы құдыққа құлап кеткен екі бала көз жұмды

Трагедия 15 маусым күндіз болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0