Оқиға

Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

© Sputnik / СтрингерInfiniti вылетел в арык
Infiniti вылетел в арык - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Жол апатының куәгерлері жүргізушіге және оның жолаушыларына көліктен шығуға көмектесті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым - Sputnik. Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында болған апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / СтрингерInfiniti арыққа шығып кетті
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Infiniti арыққа шығып кетті

Куәгерлердің айтуынша, Infiniti көлігі әл-Фараби бойымен шығыс бағытта келе жатады. Ходжанов көшесінен өтіп бара жатып, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Автокөлік бордюрдің, арықтың үстінен өтіп, содан кейін бар жылдамдықпен ағашқа соғылды. Сөйтіп, көлік айналып келіп арыққа тоқтаған.

Жол апатының куәгерлері соққының қатты болғаны соншалық, машинаның рөлі жұлынып кетті дейді.

© Sputnik / СтрингерInfiniti арыққа шығып кетті
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Infiniti арыққа шығып кетті

Көмекке келген куәгерлер зардап шеккендерді көліктен шығарып алуға көмектесті, олардың арасында төрт адам болды. Жолаушылардың біреуі ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қақ бөлінген: Степногор маңында жеңіл көлік автобуспен соқтығысты – видео

Жол полициясы қызметкерлері мен сот-медициналық сарапшылары оқиға орнында жұмыс істеуде, олар сондай-ақ жүргізушінің алкогольді ішімдік ішіп-ішпегенін анықтайды.

Жаңалықтар
0