Оқиға

Алматылықтар Солтүстік айналма жолды жауып тастады – видео

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАвтомобили
Автомобили - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Бір топ алматылық жиналып жолды жауып тастады, оған тұрғын үй кешенінде ыстық судың өшірілгені себеп болған

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Алматы қаласы Алатау ауданындағы Солтүстік айналма жолдағы O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары сәрсенбі кешке жолды жауып тастады, деп жазды Qumash Telegram-каналы.

Жол қозғалысын бұғаттау үшін адамдар супермаркеттің жанында тұрған қоршауларды пайдаланған.

Жиналғандардың ыстық судың өшірілуіне наразылық танытқаны анықталды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды.

Telegram каналдың хабарлауынша, араға біраз уақыт салып O-Jet тұрғындарына ыстық су берілді.

Оқи отырыңыз: "Бүкіл Қазақстан қарсы": маңғыстаулық жүргізушілер тас жолды жауып тастады

Айта кетейік, Алматыда жаз кезінде су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ыстық су бірнеше күнге өшіріліп тұрады.

Бұған дейін 14 маусым – 12 шілде аралығында Түрксіб ауданы Ахметов-Закарпатская-Қалмаржын-Огарева көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда ыстық су болмайтыны хабарланды.

Жаңалықтар
0