Оқиға

Батыс Қазақстанда жас полицей көз жұмды – тергеу басталды

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция формасы
Полиция формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Марқұм полицеймен бірге көлік салонында екі жолаушы отырған, олар зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Орал-Ақсай тас жолында 28 жастағы полиция қызметкері жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Жедел жәрдем мен полиция көлігі, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Өңірлер
12 күнде үш полицей көз жұмды: Атырау облысында тағы да қайғылы оқиға тіркелді
БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 мамыр кешкі сегіздер шамасында болды.

Орал-Ақсай тас жолының 25 шақырымында ВАЗ-2110 маркалы автокөлік аударылған.

"Облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан полицей ауруханада көз жұмды. Оның қасында екі жолаушы отырған, олар аман", - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Полицей жол апаты кезінде сау болған.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Автокөлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Орал-Тасқала тас жолында осыған ұқсас трагедия болған еді. Қаланың полиция басқармасының қызметкері рөлге ие бола алмай, жол апатына түсті. Салдарынан оқиға орнында қаза болды.

Жаңалықтар
0