23:53 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
120 0 0

Тікұшақпен іздеу нәтижесінде табылған үш адам Шымкент қаласының әуежайына жеткізіліп, медициналық тексерістен өткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Түркістан облысындағы Біркөлік тауында адасып кеткен үш турист құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Үш туристің адасып кеткені туралы хабар 6 маусымда сағат 15.40-та Төлеби ауданының "101" қызметінің басқару пультіне түскен.

Адасып кеткен үш адамның бірі 1993, қалғаны екеуі 1994 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

"Олар Біркөлік шатқалы бағытындағы сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Кейіннен олардың бірі ауырып қалып өздігінен таудан түсе алмайтын хәлге жеткен", – делінген хабарламада.

16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиаспас" мекемесінің Mи-8 ұшағы мен жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы жіберілген.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған

Тікұшақпен іздеу жұмыстары нәтиесінде үш адам табылып, құтқарылды. Олар Шымкент қаласының әуежайына жеткізіліп, медициналық тексерістен өткізілді.

Тақырып бойынша

Алматы маңындағы тауда жоғалып кеткен адам өлі табылды
Түркістан облысында тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды
Студенттер тауда жоғалып кетті: іздеуге Өзбекстан құтқарушылары тартылды
Түркістан облысында тауда жоғалған туристердің сөмкесі табылды – видео
Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, құтқару, адасқан адамдар
Загрузка...

Басты тақырып