Оқиға

Салонда адамдар отырған: Қарағандыда алып БелАЗ жеңіл көлікті жаншып өтті – видео

белаз
белаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Самосвал жүргізушісі жақын маңдағы жолаушылар көлігін байқамай, оң жақ қапталында тұрған көлікті таптап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қарағанды ​​облысындағы карьердің бірінде БелАЗ самосвалы ішінде адамдар отырған жеңіл көлікті басып өтті.

Жаншып өткен сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. 

"Самосвал үлкен доңғалағымен жеңіл көлікті басып өткенде, салонда адамдар отырған. Тіпті, телефон камерасына тап сол сәтті түсіріп алған олар айғай салып, көліктен шығуға ұмтылады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", – деп хабарлайды жергілікті "Вечерная Караганда" басылымының Telegram каналы.

Мыжылған көлік БелАЗ доңғалағының астынан тросспен тартып шығарылды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында кептелісте тұрған Mazda-ны екі жүк көлігі мыжып тастады – видео

Кейіннен, жаншылған көліктегі адамдар карьерге самосвалдың кондиционерін жөндеуге келген бригада екендігі анықталды.

Жаңалықтар
0