Өңірлер

Шымкентте жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті: бір бала зардап шекті

© AFP 2024 / BEHROUZ MEHRIЖенщина борется с сильным ветром
Женщина борется с сильным ветром  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Дауыл бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті, салдарынан бір бала жарақат алды, көліктер бүлінді

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Шымкентте дауыл тұрып, төтенше жағдай болды. Бірнеше ғимараттың шатыры қирап, бес жасар бала зардап шекті, деп хабарлады жергілікті Otyrar.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Кеше Шымкентте желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Салдарынан үш коммерциялық нысанның, бес көп қабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры ұшып, автокөліктер мен ғимараттардың үстіне құлады.

Дауыл кезінде ғимараттың 3 мың шаршы метр аумақ шатыры мен алты автокөлік зақымданды. Сондай-ақ 2016 жылы туған бала зардап шекті, оның қандай жарақат алғаны хабарланған жоқ.

Нұрсәт ықшам ауданындағы Сайрам, Қызыл су, Өтеміс, Шапырашты және Исфиджаб тұрғын алаптарының тұрғындары жарықсыз қалды.

Төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
0