АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Шарын шатқалында селден көз жұмған мұғалім кейінгі 3 жылда Алматыдағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ол балаларға көмектескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, 26 жастағы Мерей Ибрагимов көркем пәндерден сабақ берген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. Оның 3 жылында Алматы қаласындағы №199 гимназияда жұмыс істеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әріптестерінің айтуынша, Мерей өте жауапты маман болған.
"Барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері еді. Ерекше шығармашылық адамы, көшбасшы, мақсаты айқын ұстаз болатын. Жан-жағындағыларға күлкі сыйлап жүретін", - дейді марқұмның әріптестері.
Айта кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.
Шарындағы трагедия: тірі қалған қыздың туыстары оның дауысын естігенде жылап жіберді
Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.