Оқиға

Өскеменде әскери қызметші өзіне қол жұмсады – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото военнослужащих
Архивное фото военнослужащих  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Өскемен қаласында келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери қызметші суицид жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға Ұлттық ұланның №3477 әскери бөлімінде болған. 29 мамырда қатардағы жауынгер Ілияс Айдосов қызмет атқарып жүргенде өзіне бекітілген қарумен суицид жасап, оқиға орнында көз жұмды.

Жамбыл облысында казармада әскери қызметші өз-өзіне қол салды

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаға себеп болған жағдайлар анықталып жатыр.

"Ұлттық ұланның "Шығыс" аймақтық қолбасшылығы әскери қызметшінің жақындары мен туған-туысқандарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтар
0