Өңірлер

Оралда жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Жедел жәрдем көлігінің ішінде болған жүкті әйел мен медбике жеңіл-желпі жарақат алды

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Оралда жол қиылысында жедел жәрдем мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлады жергілікті "Мой город" порталы.

"Көлікте жүкті әйел мен фельдшер болды. Бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрды, барлық көлік мені өткізіп жіберді, тек ақ Toyota тоқтамай, шыға келді. Toyota көліктің артқы дөңгелегін соқты, менің көлігімді бұрып жіберді, содан кейін мен аударылдым. Фельдшердің жағдайы жақсы сияқты, бірақ жүкті әйелді басқа жедел жәрдем көлігімен жіберуге тура келді", - деді арнайы көліктің жүргізушісі.

"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі санитарлық көлік Бәйтерек ауданының Дария ауруханасына тиесілі екенін хабарлады.

"Көлікте жүкті әйелді алып бара жатқан. Оған кардиологтың кеңесі қажет болғандықтан аурухананың медбикесімен бірге облыстық кардиоорталығына апара жатқан. Жедел жәрдем көлігі арнайы сигналын қосып жүрген, соған қарамастан жүргізушілердің бірі жедел жәрдем көлігін өткізбей, жылдамдықпен келіп сол жағынан соққан. Апат салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды", - деп хабарлады басқарма.

Жедел жәрдем көлігінің ішінде болған жүкті әйел мен медбике жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнына келген екінші жедел жәрдем көлігі әйел мен медицина қызметкерін облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

Әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, балаға да зиян келмеген. Сондай-ақ ол жүктілік мерзімі 35-36 апта болғандықтан медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы үшін ауруханаға жатқызылды. Көлік жүргізушісі зардап шекпеген.

Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0