Оқиға

Автобус қызды басып кеткен: Атырауда жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

© Photo : PixabayЗеленый человечек в светофоре в Германии
Зеленый человечек в светофоре в Германии - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Тергеу барысында полиция қарсы жолақта тұрған көліктердің біріндегі видеотіркегіштің жазбасын алды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде 26 жастағы қызды автобустың қағып кеткен кезі түсірілген видео жарияланды, деп хабарлады Ақ Жайық.

Естеріңізге салсақ, 23 мамырда сағат 20:20 шамасында Атырауда Привокзальный ықшамауданында №57 автобустың 49 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қала тұрғынын қағып, ол сол жерде қаза болды.

Күйеуі айтқан: Атырауда жүріп бара жатқан "Газельден" секірген әйел опат болды

"Тергеу барысында полиция қарсы жолақта тұрған көліктердің біріндегі видеотіркегіштің жазбасын алды. Онда қыздың бағдаршамның рұқсат етілген сигналы жанған кезде жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқаны анық көрінеді", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Автобус жүргізушісіне қатысты 345-баптың 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0