Оқиға

Алматы облысында жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап өлді

© Sputnik / Владислав ВодневКөпқабатты тұрғын үй
Көпқабатты тұрғын үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, баланың мәйітін шығару үшін екі ғимарат арасындағы сейсмотігіс саңылауының қоршауын бұзуға тура келген

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 11 жасар бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы жазатайым оқиға туралы хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 24 мамыр кешкі сағат алтыда түскен. Жасөспірімнің ересектердің қарауынсыз 9 қабатты үйдің төбесінде ойнағаны анықталды.

"Кәмелетке толмаған бала ойын кезінде екі тұрғын үй ғимаратының арасындағы ені 60 сантиметр, тереңдігі 17 метр болатын сейсмотігіс саңылауына құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері алдағы уақытта осындай қайғылы жағдайлар қайталанбауы үшін азаматтардың балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Оқи отырыңыз: Терезеден секірген ер адам арбаның үстіне құлады - бала тіл тартпай кетті

Жаңалықтар
0