Оқиға

Цирктегі шоу кезінде арыстандар аң үйретушіге тап берді – видео

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАрыстан, архивтегі сурет
Арыстан, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Цирк өкілдерінің айтуынша, бір емес екі рет арыстанның талауына түскен ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің Новосібір қаласына жақын жердегі Мошково кентіне гастрольмен барған цирк-шапитоның арыстандары иесіне бағынбай, тарпа бас талды. Көрермендер оқиға болған сәтті видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Шоу басталғанда өнер көрсететін екі арыстан көрермендер алдындағы торға кіргізілген. Аунап, бір-бірімен ойнай бастаған оның бірі аң үйретуші кіріп келгенде оған тап берген.

Ер адам қолындағы таяғымен сабап жүріп аяғын ажыратып алғанымен, біршама уақыттан кейін әлгі арыстан қайта бас салды. Осы кезде екіншісі де қосылған. Ер адам әупірімдеп жүріп, арыстандардың талауынан аман қалды. 

Цирк әкімшілігі ер адамның жарақат алғанын хабарлады.

"Арыстан үйретушісіне тап берген соң, оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткіздік. Дәрігерлер қарап, тиісті ем-дом жасап берді. Қолы мен аяғы жарақаттанған. Қазір ол кісі үйде, еркін жүріп-тұра алады", – дейді цирк мамандары.

Оқи отырыңыз: Туристермен құшақтасқанды ұнататын арыстан жұртты сүйсіндірді - видео

Цирк өкілдері бұдан былай аң үйретушіге тап берген арыстан ешқандай шоуға шығарылмайтынын және ол хайуанаттар бағына тапсырылуы мүмкін екенін айтты.

Жаңалықтар
0