Өңірлер

Алматы облысында вакцина салдыруға келген адам істі болды 

CC0 / / В больничной палате
В больничной палате - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Келуші әу бастан дөрекілік танытып, ақылға қонымсыз әрекеттер жасаған: ол дәрігерді балағаттап, содан кейін оны ұрып-соғып, буындырған

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Дәрігерді вакцина салдыруға келген адам соққыға жықты, деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға 21 мамыр, жұма күні Ескелді орталық аудандық ауруханасында болған.

© Photo : Управление здравоохранения Алматинской областиСоққыға жығылған дәрігер
Алматы облысында вакцина салдыруға келген адам істі болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Соққыға жығылған дәрігер

Пациент вакцина алуға келген. Дәрігер вакциналаудан бұрын стандартты түсіндіруді бастаған, оны озбыр пациент бөліп жіберген. Басқарма келуші әу бастан дөрекілік танытып, ақылға қонымсыз әрекеттер жасағанын атап өтті.  

Дәрігер ер адамға медициналық мекемеде отырғанын, сондықтан байсалды болу керектігін ескерткен.

"Пациент боғауыз сөздер айтып, дәрігерге тап берген, оны басынан ұрып, буындырған, беті мен мойнына бірнеше соққы жасаған", - деп жалғастырды басқарма.

Оқиға орнына полиция шақырылды, дәрігер жергілікті полиция бөлімінде арыз жазды.

Дәрігерге мидың шайқалуы, бет пен жұмсақ тіндердің қанталауы және соғылуы диагнозы қойылып, қазір емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0