НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Алматы облысында жүріп бара жатқан Hyundai Elantra көлігінен үш жасар қыз құлап түсті. Оқиға 17 мамырда таңғы сағат 10 шамасында болған.
Полиция көлік жүргізушісін анықтады, 32 жастағы әйел – құлап кеткен қыздың анасы. Оқиға болған кезде қыз артқы жолаушылар орнында отырған, алайда қауіпсіздік белдігін тақпаған, деп хабарлады Polisia.kz.
Қыздың денсаулығына зиян келмеген, полиция қыздың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқи отырыңыз: Маусымнан бастап Қазақстанда қай жолдар ақылы болады
Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.
Әйелге 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.